Ауылда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды - Ақмола облысы
Аудандық аурухананың бас дәрігері Елубай Кұрмановтың айтуынша, Петровка ауылында ашылған медициналық мекеме қазіргі заманғы медициналық құралдармен жабдықталған. Нысанның құрылысы 71,2 миллион теңгені құрап отыр. Тұрғындарға 3 медициналық маман қызмет көрсететін болады.
"Облыста денсаулық сақтау саласы қарқынды дамуда. Биылғы жылдың өзінде өңірде су жаңа 8 медициналық мекеме пайдалануға берілді", деді С.Кулагин.
Сонымен қатар, аймақ басшысы "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан ауылдық мəдениет үйіндегі күрделі жөндеу жұмыстарына назар аударды. Аталған бағдарлама арқылы 116,4 миллион теңге қаржы бөлінген. Оған қоса, аудандық бюджеттен қосымша 10 миллион теңге бөлініп отыр. Құрылыс жұмыстарын алдағы қаңтар айында аяқтау жоспарланған.
Сапар барысында аймақ басшысы Петровка орта мектебінің жұмысымен танысып, педагогикалық ұжым және жоғары сынып оқушыларымен кездесті.