Атап айтқанда, «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режіміндегі интернет-конференцияда ауылда тұратын мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша қандай шаралар қабылданатындығы сұралды.
Өз кезегінде Айгүл Шайымова агенттік тұрақты негізде мемқызметшілердің әлеуметтік қорғалуын арттыру жөніндегі жұмыстарды атқарып жатқандығын сөз етті.
«Ауылдағы кадрлардың тапшылығын ескере отырып, осыған дейін «Дипломмен ауылға» бағдарламасының мемқызметшілерге де таралуын пысықтадық. Тиісті түзетулерді біз заң жобасына енгіздік. Қазіргі кезде ол Парламент Мәжілісінің қарауында», - деді А. Шайымова.