Ауылдағы супермаркет - баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 26 шілде, сейсенбі күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.

***

«Егемен Қазақстан» газеті бүгін шалғай ауылдағы супермаркет туралы жазып отыр. Ауылдың дүкені дегенде көз алдымызға елестейтіні бір бөлмеге үйілген тауар. Тазалығын былай қойғанда, тар болғандықтан ішінде айналып жүретін жер жоқ. Аттап бассаң бір затқа шалынасың. «Ал, жақында Жуалы ауданының ең шалғайда жатқан Қошқар ата ауылына барғанда маңдайында «супермаркет» деген жазуы бар дүкенді көріп, аң-таң болғанымыз рас. Ойбай-ау, Қошқар ата дегеніңіз облыстың шетінде, желдің өтінде жатқан ауыл емес пе? Қыс түсе қошқараталықтар орталықпен қош айтысып, жол қатынасы тіптен қиындап, күн жылынғанша терең сайда тым-тырыс жатып алады. Ендеше сыртпен байланысы аз осындай шағын ауылдан супермаркет ашу қаншалықты тиімді? Аты бар да, заты жоқ сауда орны болар деген күдікпен әлгі дүкеннің есігін аштық. Жоқ, алыс ауылдағы мына супермаркеттің қаладағы сауда орындарынан бір мысқал да кем емес екен. Іші кең әрі сәнді, сосын тауарға да өте бай. Тіпті, ауылдықтар үшін жат көрінетін темір арбалар да тұр. Біз бас сұққан он-он бес минуттың ішінде төрт-бес тұтынушы сауда жасап кетті» деп жазалы газет тілшісі. Бұл туралы толығырақ басылымның бүгінгі санындағы «Ауылдағы супермаркет»  атты мақаладан оқи аласыздар.

Жақында әлемге әйгілі Forbes журналының ресейлік бөлімшесі Алматы түбіндегі Шымбұлақ шаңғы курортының әлемдегі ең таңдаулы топ-ондықты бастап тұрғандардың бірі екенін атап көрсетіпті. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті жазып отыр. «Шаңғы курорттарының рейтингілерін анықтауды RoomGuru.ru интернат-порталымен бірге жүргізген Forbes мамандары оларды бірнеше қырынан алып қарастырған екен. Бұған курорттың орналасқан аумағы, табиғатының жанға жайлылығы, ауасының тазалығы, онда демалу құны мен жасалатын сервистік қызметі түгел кіреді. Бір қызығы, жаһан жұрты бүгінде қысы-жазы жапа-тармағай барып демалып жататын Альпідегі Куршевель бұл ондықтың тізімінде жоқ. Ал Алматының Шымбұлағы топ тоғысында екінші болып тұр» деп хабарлайды басылым. Бұл туралы толығырақ «Шымбұлақтың Куршевельден несі кем?» атты мақаладан оқи аласыздар.

***

«Айқын» газетінің хабарлауынша, «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Жетісу аудандық филиалы ақпараттық-насихаттау тобы «Сәлем» базары қызметкелермен кездесті. «Кездесудің басты тақырыбы жер мәселесі болды. Ақпараттық-насихаттау тобы мүшесі Қайрат Терімбетов, «Нұр Отан» партиясының Жетісу аудандық филиалының кеңесшісі Мәди Түлебаев, «Сәлем» сауда орталығының директоры Бақытжан Мәметов ҚР Жер Кодексіндегі өзгерістер мен қосымшалар, сондай-ақ Жер комиссиясының жұмысы жайлы пікір бөлісті» деп хабарлайды «Айқын» ақпарат. Бұл туралы толығырақ «Айқын» газетіндегі «Жер мәселесі жіті назарда» атты мақаладан оқи аласыздар.

***

«Экспресс К» басылымының жазуынша, жазғы демалыс кезінде кәдімгідей демалу үшін мүлде үндемеу практикасын іск қосу керек. Мысалы, «Қазақстандағы өмір өнері» атты мектептің мұғалімі Татьяна Новикованың айтуынша, ол бес күн сөйлемей жүрген. Кейін байқағандай, бұл тәсіл миды толық тазартып шығады екен.

«Бұлдіни емес,рухани тәжірибе. Бұл үнемі шаршап  жүретін қала тұрғындарына керек тәсіл. Қаншалықты көп күн үндемей  жүрсең, соншалықты ми тазарып, адам өз өзін тыңдай бастайды. Көп сөйлеп, қаншама күшімізді жоғалтып жатқанымды айтпай-ақ қояйын», - деген ол Экспресс К басылымына берген сұхбатында. Бұл туралы толығырақ «Как обнулить мозг» атты мақаладан оқи аласыздар.