Оқиға өткен демалыс күні болды. Құтқарушылар қашықтығы 10 шақырымдай жерге, Самир кентінен Қостанайға жаяу тартқан 32 жастағы әйелді іздеуге аттанды.
«ТЖД қызметкерлері таңғы сағат 9-да Самир кентінен Қостанай қаласына жаяу шығып кеткен 1986 жылғы азаматшаны іздеу жұмыстарын жүргізді», - деп хабарлады ТЖД-дан.
Өкінішке қарай, құтқарушылар әйелді іздеп таба алмаған. Абырой болғанда, адасқан әйелдің сағат 17:50-де Қостанайға өзі жеткені анықталды.