Айта кету керек, «ҚазАгроҚаржы» 2009 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіптік кешенінде перспективалық бағыттағы алты жобаны қаржыландыруда, олар: заманауи тауарлы сүт фермаларын, құс фабрикаларын, жылыжай шаруашылықтарын, көкөніс қоймаларын құру және дамыту, сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру жобалары. Олардың қатарында тағы да бір маңызды бағыттардың бірі - тамшылатып суару технологиясын енгізу мәселесі.
Дақылдар тізбесін ұлғайту туралы шешім техникалық және май дақылдарын өсіретін шаруашылықтардың өтініштері бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ Директорлар кеңесімен қабылданды.