«Жаңадан салынатын және қолданыстағы сумен жабдықтау инфрақұрылымдарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, ауылдарды сумен қамтамасыз етумен айналысатын пайдаланушы мекемелерге бірыңғай талаптар бекітуі қажет», - деді Үкімет басшысы.
Әлихан Смайыловтың атап өтуінше, сол арқылы жергілікті жерде қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысы толығымен ретке келтіріледі.
«Бақылау мен үйлестіру – Роман Васильевичте», - деді Премьер-Министр орынбасары Роман Склярға қарата.