Ауылдардың ертеңі жастарды да алаңдатады

АСТАНА. 7 кыркүйек. ҚазАқпарат - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстанның ауыл жастары одағы» қоғамдық бірлестігімен  «Ауылды дамытудағы жастардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді,

деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Жиында оның модераторы ретінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Е. Толыбаев сөз сөйледі. Дөңгелек үстел жұмысына ҚР-ның Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдар, кәсіпкерлік, үкіметтік емес жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Шараның мақсаты - агроөнеркәсіп кешенінің жас мамандарын жұмысқа орналастыруда жастар ұйымдарының рөлін арттыру және республикадағы ауылдарды  абаттандыру жайына қоғам назарын аудару. Бас қосуда ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуға байланысты өзге де келелі мәселелер талқыға салынды.