«11 аймақтағы аудандар үшін отандық өндірістен шыққан қосымша 51 бірдей рентген аппараты сатылып алынады. Жедел жәрдем қызметін 1 667 санитариялық автокөлікпен қамтамасыз ету көзделген. Ауылды елді мекендерді медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін жылжымалы 100 медициналық пункт сатып алынды. Олардың бәрі де осы жылдың қазан айының ортасына дейін жеткізіледі», - деді Алексей Цой.
Еске сала кетсек бұған дейін Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Үкіметке бірқатар шара қабылдауды ұсынған болатын.