ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұлттық жоба алдағы екі жылда 655 медициналық объекті салуды көздейді.
Мәселен, 2023 жылға 99 медициналық объекті салуға қаражат бөлінді.
Жаңа объектілерді салу нәтижесінде шамамен 1 млн ауыл тұрғыны медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен қосымша қамтылады, МСАК қолжетімділігін арттыру (профилактикалық тексерулер, скрининг, ерте анықтау), уақтылы медициналық көмек көрсету, асқынулардың профилактикасы қамтамасыз етіледі.
Биыл БҚО-да құрылыс-монтаж жұмыстары басталған 12 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған. Бұлар Бөрлі ауданының Аралтал, Бәйтерек ауданының Асан, Казталов ауданының Бостандық, Теректі ауданының Сарыөмір ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар, сондай-ақ Теректі ауданының Барбастау, Жәнібек ауданының Жақсыбай, Казталов ауданының Қараөзен, Жаңақала ауданының Қызылоба, Бөкей ордасы ауданының Мұратсай, Сырым ауданының Өлеңті, Жәнібек ауданының Қамысты, Бәйтерек ауданының Новенький ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункттер.