Ауылдық кеңесті көп жыл басқарған кісінің есіміне көше берілді - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 8 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы Аққыр ауылдық кеңесін көп жыл басқарған Шаймағамбет Есовтің есімімен осы елді мекендегі бір көше атала бастады.

Салтанат барысында есімі қайта ұлықталып жатқан еңбек ардагері туралы естеліктер айтылды. Облыс әкімінің кеңесшісі Ержан Уәйіс аймақ басшысының ізгі лебізін жеткізді. Осыған арналған шара оның ұрпақтары ұйымдастырған түрлі спорт жарыстарына ұласты. Соңынан марқұмның рухына бағышталған құран оқылып, ас берілді.