Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
Министрдің сөзіне қарағанда, ауылдық квотамен педагогикалық және дәрігерлік мамандықтармен жоғары оқу орындарын тәмамдаған түліктерді биыл бірінші жылы оларды өзінің ауылына барып жұмыс істеуге жағдай жасауға әкімдіктермен толық жұмыс ұйымдастырылды.
«Енді биыл квота бойынша 2 мыңнан астам жоғары оқу орынан аяқтаған түлектің қазіргі кезде 1 мың 707-і өңірлердегі қажеттілік тұрғысында үлестірілді. Жергілікті атқару органдары 1-мың 40 адамның жұмысқа орналасқанын растады. Оны жергілікті атқару органдарымен бірлесе ұйымдастырып, қызметпен қамтамасыз етіп жатырмыз»,-деді Б. Жұмағұлов.
«Егер де оқу орынын педагогикалық, дәрігерлік мамандықтары бойынша ауылдық квотамен бітіретін болса, онда олар міндетті түрде таңдаған ауылдық жерге барып, үш жыл жұмыс істеуі тиіс»,-деді ведомство басшысы.