Ауылдық жердің барлығы телефон желісімен қамтылған - «Нұр Отан» ХДП

None
АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда еліміздегі барлық ауылдық жерлер телефон желісімен қамтылған деп айтуға болады. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында «Нұр Отан» ХДП-ның Инновациялық комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Әбдішев осылай айтты,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, 2007 жылы ауыл абоненттерінің саны 656 мыңға жуық болса,биыл олардың жалпы саны 876 мыңнан асып жығылады. «Сондықтан бүгінгі таңда еліміздегі барлық ауылдық жерлер телефон желісімен қамтылған деп айтуға болады», - дейді Б.Әбдішев.

Сондай-ақ ауылдағы жол инфрақұрылымына тоқталған Б.Әбдішев биыл 4 мың 928 шақырым жолдың жөнделгендігі туралы мәлім етті. «Бұл тек ауылды жерлерде жөнделген жолдың жалпы ұзындығы болса керек», - деді ол.