Ауылдық жерлерде өлім-жітім көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады - ДСМ
«Ауылдық жерлердегі негізгі демографиялық көрсеткіштерді талдау барысында 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында туу көрсеткіштерінің өсуі және өлім-жітім көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. Ауыл халқының табиғи өсімі көрсеткіші 13,63 пайызды құраған», делінген Денсаулық сақтау министрлігінің бүгін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданына жасаған көшпелі алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша таратылған хабарламада. Аталмыш ведомствоның дерегінше, ауыл тұрғындарының саны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскені байқалады. Ол 2010 жылдың 1 қаңтарында 7 428,6 мың адамды құраған, оның республика халқының жалпы санындағы үлесі 46,3 пайызын құрайды. Аталмыш ведомствоның мәліметінше, 2009 жылдың қорытындылары бойынша өмірінде алғаш рет тіркелген ауыл тұрғандарының сырқаттанушылық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда артты, бұл ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қол жетімділігінің жақсарғанымен байланысты болып отыр. Ауыл тұрғындарының сырқаттанушылығы құрылымында бірінші орында тыныс алу жолдарының аурулары тіркеледі (100 000 мың халыққа 19169,9), екінші орында - ас қорыту органдарының аурулары (3728,1), үшінші орында - несеп-жыныс жүйесінің (3328,4), төртінші орында - қан мен қан өндіру органдарының аурулары (3080,1), бесінші орында - жарақаттар мен улану (2301,7), алтыншы орында - қан айналымы жүйесінің аурулары (2253,4). 2009 жылдың қорытындылары бойынша сырқаттанушылықты талдау жүргізу барысында қан және қан өндіретін органдардың сырқаттану көрсеткіштерінен басқа ауыл тұрғындарының сырқаттануы қала тұрғындарынан төмен. Осылайша, ауыл тұрғындарының темір тапшылығы анемиясымен ауыру көрсеткіштері қаладағылардан жоғары болуда және өткен жылмен салыстырғанда оның төмендегені байқалады. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда, қан қысымының көтерілуімен және жүректің ишемиялық ауруымен сипатталатын сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік елеулі аурулармен сырқаттанушылығын талдау барысында 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда туберкулезбен, қатерлі ісіктермен, психиканы белсендіретін заттарды қолдану салдарынан пайда болатын психикалық аурулармен сырқаттанушылық және тәртібі бұзылуымен сырқаттанушылықтың төмендеуі және қант диабетімен сырқаттанудың өсуі байқалады.