Динара Әуелбекова 2021 жылы «Girls Power Fund» қорын құрып, Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі жас әйелдерге STEM білім алуға көмектесе бастады. Осы уақыт ішінде 700-ден астам жоғары сынып оқушылары мен жас әйелдер кодтау, веб-әзірлеу және жобаларды дайындау бойынша практикалық тәжірибе алды.
Жобалар негізінде оқыту әдіснамасын пайдалана отырып, аталған ұйым ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) саласында техникалық және көшбасшылық дағдыларды дамытуға бағытталған 20 мамандандырылған бағдарлама өткізді. Оқу жоспарын әзірлеу кезінде бағдарламаға қатысушылардың мүдделері, ұмтылыстары мен қажеттіліктері ескерілді. Сондай-ақ, көптеген жас әйелдер қашықтықтан оқытуды бала күтімі міндеттерімен бірге алып жүруге мәжбүр болған COVID-19 пандемиясы кезінде тегін репетиторлық бағдарлама іске қосылды.
Динара Әуелбекова Назарбаев университетінің экономика бойынша бакалавриатын бітірген және Женева бизнес мектебінің халықаралық менеджмент саласындағы іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие. Ол сондай-ақ, «Еуразия» қорымен, Қазақстандағы БҰҰДБ және Германияның сыртқы мәдени байланыстар институтымен бірлесіп жобаларды басқару бойынша халықаралық кеңесші ретінде жұмыс істейді.
Айта кетсек, «Обама Қорының стипендиаттары» бағдарламасы (The Obama Foundation Scholars program) өз қызметінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізген болашақ көшбасшыларға академиялық және практикалық оқытуды біріктіретін тереңдетілген оқу бағдарламасының арқасында жаңа деңгейге шығуға, проблемаларды шешудің жаңа құралдарына қол жеткізуге және әлеуметтік шеңберді кеңейтуге мүмкіндік береді.