Ауылдың басты табысы егіншілік пен мал шаруашылығынан құралады

Фото: None
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Елбасының Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық -жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында ауылдың басты табысы егіншілік пен мал шаруашылығын интенсивті дамытуда екендігі атап көрсетілген».«Бұл ауыл еңбеккерлері, біздер үшін үлкен жауапкершілігін жүктейді», - дейді Ақмола облысына қарасты Атбасар ауданы «Бастау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры Темірхан Мұқышев,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шалғай аудандағы серіктестік жетекшісінің айтуынша, бүгінгі таңда егіншілікпен қатар асыл тұқымды мал өсіруге ден қойылып отыр. Жыл соңына дейін мал өнімдерін тереңдетіп өңдеуге қатысты барлық құрылыс жұмыстары аяқталып, тың кәсіпорын іске қосылмақ. Қазіргі кезде шаруашылықта 1800 бас қазақтың ақбас тұқымды ірі қарасы күтімге алынған. Оның сыртында бес мың еділбай қойы бағылады. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды іс. 2014 жылға қарай азық-түлік тауарларының ішкі нарығының 80 пайызын отандық азық-түлік өнімдері құрауы тиіс», - деп атап көрсеткен тапсырмасының орындалуы біздерге, ауыл шаруашылығы саласы өкілдеріне байланысты. «Ендігі күш-жігер осы бағыттарға жұмылдырылатын болады», - дейді серіктестік басшысы.