«Мен Үкіметке медицина саласы қызметкерлерінің мәртебесін көтеру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырдым. Әкімдіктер бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуі тиіс. Медицина саласы қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз етіп, ауылға келген жас дәрігерлерді ынталандыру керек» , - деді Мемлекет басшысы.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР Президенті жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келгендігі туралы хабарлаған болатынбыз.
Аталған өңірге сапар кезінде Мемлекет басшысы Жамбылдағы туристік салаға қатысты тиісті тапсырмалар берген болатын.