Оның шамамен 400 мың гектары егістік алқаптарын құрайды. Бұл туралы бүгін селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
«Пайдаланбай жатқан учаскелердің 50 пайыздан астамын, яғни шамамен 1,5 млн. гектар алаңды шаруа қожалықты жүргізу үшін берілген жерлер құрады. Оның ішінде 407,3 мың гектар егістік жерлері, соның 200 мың гектары өнімділігі төмен егістер болып табылады», - деді Қ.Өскенбаев.
Оның айтуынша, түгендеу барысында егіс айналымын қолдану мәселелерінің проблемалылығын көрсетті.
Айта кетейік, жалпы республика бойынша ауылшаруашылық алқаптарының жалпы алаңының 40 пайызы немесе 91 млн. гектары ауылшаруашылық айналымына тартылған. 2012 жылы ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2012-2014 жылдарға көзделген айналымға енгізілген ауылшаруашылық алқаптарын түгендеу басталған болатын.
«Тексерілетін учаскелердің ауқымды көлемін ескере отырып, аталған түгендеу шаралары 3 жылға бөлінген болатын және өткен жылы ол 31 млн. гектардан аса алаңда жүргізілді», - деп атап өтті ведомство басшысының бірінші орынбасары.