«Жантүшігерлік апаттан кейін көзімді ашқанда, кереуетімнің жанында азиялық медбикені көрдім. Оған қытайша: «Медбике, денем қатты ауырып жатыр» дедім. Басқаша болу мүмкін емес сияқты сезіндім», - деді Бен Макмагон.
Кейіннен австралиялық қытай тілі мектебінде оқығанын мойындады, алайда ол дәл бұлай жетік білмеген. Қазір жасөспірім қытайлықтарға өз туған қаласы бойынша экскурссия жүргізіп қана қоймай, азиялық арналардың бірінде телешоу да жүргізеді. Таяуда Мельбурннан Шанхайға көшіп келді.
Комаға түскен адамдардың бұлай өзге тілде сөйлеп кетуі бірінші жағдай емес, 2013 жылы Хорватиядан 13 жасар қыз өз-өзіне келгенде, неміс тілінде сөйлеген, осы жазда елдің бір қонақүйінен ес-түссіз күйде табылған америкалық есін жиғанда, дәрігермен швед тілінде сөйлескен.
.