Ауыр атлет Артем Антропов Азия чемпионатында қола медаль алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Артем Антропов ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық дода бүгінгі күндері Бахрейн астанасы - Манама қаласында өткізілуде.

Азия чемпионатында 96 келі салмақта сынға түскен Артем Антропов қоссайыстың нәтижесінде 377 (158 219) келіні бағындырды. Нәтижесінде үшінші орынға тұрақтады.

Аталған салмақта бахрейндік Лесман Паредес қоссайыста 397 (182 215) келі нәтиже бойынша алтын алса, 383 (177 206) келі салмақпен Тайбэйден келген Чэнь По-Дженге күміс бұйырды.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай чемпион атанды.

Ал Арли Чонтей мен Арай Нұрлыбекова күміс, Айша Омарова қола жүлде алды.