Қарағанды ауыр атлетика мектебінің тәрбиеленушісі берілген алты мүмкіндікті сәтті пайдаланып, қоссайыс қорытындысы бойынша (155 210) 365 келі көтерді, сөйтіп қарсыласынан 19 келіге озып кетті.
Екінші орын ирандық Ирана Хаджавант Афшин Тахерида – 346 келі (160 186), ал сириялық АльгаферЭзеддин 333 келі көтеріп (148 185), қолаға қол жеткізді.
Өзбекстанда жарысқа шығатын 10 спортшыдан 102 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Рахат Бекболат қана қалды.
Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында 13-20 ақпан аралығында өтіп жатыр. Азия құрлығының 20 елінен 14 қыздар және 18 ерлер командасы қатысады.