НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Грекияның Ираклион қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың соңғы күні қазақстандық Айсамал Сансызбаева 87 келіден астам салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстандық ауыр атлет қоссайыс қорытындысында 252 кг (серпе көтеруден – 112 кг, жұлқа көтеруден – 140 кг) нәтиже көрсетті.
Бұл салмақта оңтүстіккореялық Хе Чжон Парк 281 кг (120 161) көрсеткішпен үздік шықты.
Тағы бір оңтүстіккореялық атлет Хье Ен Ким қоссайыс қорытындысында 253 кг (108 145) көтеріп, күміс жүлдеге ие болды.
Еске сала кетейік, осы біріншілік барысында бұдан бұрын Алексей Чуркин күміс жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.
Алексей 73 келіге дейінгі салмақта 329 (146 183) келіні ырқына көндірді. Барлық алты мүмкіндігінің бесеуін сәтті орындады.
Бұл салмақта индонезиялық Жулиансиах Ризхи топ жарса, америкалық Риан Енри үштікті түйіндеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).