АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Словакияның Кошица қаласында өтіп жатқан он жеті жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қандасымыз Ғалымбек Жұбатқанов қола жүлдеге ие болды.
«Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, 84 келіде Альберт Ахмеров төртінші орын алды.
Афина ойындарының күміс жүлдегері Сергей Филимоновтың қызы Алина Филимонова кеше төртінші орынды қанағат тұтты.
77 кг. 1. Андраник Карапетян (Армения) - 331 кг(155 кг 176 кг ). 2. Артём Лефлер (Ресей) - 304 (135 169). 3. Ғалымбек Жұбатқанов (Қазақстан) - 303 (143 160).
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.