Бұл күндері Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Бүгін әйелдер арасында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды.
Қазақстан құрамасының мүшесі Карина Құзғанбаева қоссайыс нәтижесі бойынша 232 (104 128) ұпай еншілеп, күміс жүлдегер атанды. Кореялық Хьенжу Джанг 236 (103 133) ұпайымен Азия чемпионы атанды. Ал 218 (96 122) ұпай жинаған түрікменстандық Айсолтан Тойчиева «қоланы» қанағат тұтты.