Ауыр атлет Рүстем Сыбай - Қызылорда облысының үздік спортшысы

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысының әкімдігі мен облыстық спорт басқармасы жаңа жылдың алғашқы айының ішінде облыстың 2011 жылғы ең үздік спортшысын белгіледі.

Бұл атаққа былтыр өткен жасөспірімдер арасындағы бірінші олимпиаданың қола жүлдегері атанған ауыр атлет Рүстем Сыбай ие болды. Оның  Сингапурдағы қол жеткізген жетістігі өткен жылы қызылордалықтар асқан асулардың ішіндегі ең сүбелісі болып шықты.