Ауыр атлетика: Әлемдік рейтингте Чиншанло мен Ильин көш бастап тұр

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Халықаралық ауыр атлетика федерациясы әлемдік рейтинг жариялады. «Аламен» спорт агентттігінің мәліметіне қарағанда, 53 келіде Зүлфия Чиншанло, ал 94 келіде Илья Ильин әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр.

Ал 63 келіде Мая Манеза орыс қызы Светлана Царукаевадан кейінгі екінші сатыға жайғасыпты. Светлана Подобедова да дәл солай. Оның алдында Наталья Заболотная. 75 келіде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Надежда Ногай сегізінші орында тұрса, 77 келіде Кирилл Павлов ондыққа енген. 85 келіде Владимир Кузнецов 12 орында, ал 105 келіде Истомин 7 сатыда. Рейтингке Алмас Өтешов пен Владимир Седов енбей қалған.