НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұндай жетістікке қазақстандық Арли Чонтей (55 келі) қол созды. Ауыр атлет жұлқу және серпе көтеруден барлық алты мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Ол жұлқи көтеруде 118 келіні еншісіне байлады. Ал серпе көтеруде 142 келіні еңсерді. Осылаайша қарсыластарын қапы қалдырып, қоссайыс нәтижесімен 260 келіні бағындырды.
Аталған салмақта күміс және қола медальды Таиланд және Болгария спортшылары алды.
Дүбірлі додаға еліміздің атынан бес спортшы барды. Арли Чонтейден өзге енді Нұрғиса Әділетұлы (96 келі), Артем Антропов (96 келі), Карина Кұзғанбаева (81 келі) және Айзада Муптильда (87 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.
Айта кетсек, әлем біріншілігі 17 желтоқсанға дейін жалғасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.