Ауыр атлетика: Азия чемпионатында Гүлназ Наурызова қоланы еншіледі

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатында қоржынымызға тағы бір жүлде келіп түсті.

 «Аламан» спорт  агенттігінің мәліметінше, 75 келіде бақ сынаған қазақ қызы Гүлназ Наурызова үштікке енді. Спортшымыз өзінің алты талпынысын да таза орындады.

 Ауыр атлетикадан  Азия чемпионаты (75 кг):

 1 Лан Хихуан (Қытай)- 104 131 = 235

2 Лим Джи Хи (Корея) - 104 131 = 235

3 Гүлназ НАУРЫЗОВА (ҚАЗАҚСТАН) - 94 114 = 208