Ауыр атлетика: Азия чемпионатының үшінші күні қазақстандықтар үшін табысты болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непал елінің Катманду қаласында ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтуде.

Жарыстың үшінші күні спортшыларымыз үшін өте табысты болды, деп хабарлайды dodasport.kz .

«Б» тобында сайысқа түскен Құмарбекова Гүлжан жасөспірімдер арасында 75 келіде  206 (87 119) келіні бағындырып, қола жүлдегер атанды. Аса ауыр салмақта сынға түскен Айзада Муптильда  241 (105 136)  күміс жүлде иегері атанды.

77 келі салмақта жасөспірімдер арасында 296 (136 160) келіні көтерген Асылжан Бектай қола жүлде еншіледі. Ал 20 жасқа дейінгі жастар арасында Дмитрий Макеев  320 (140 180) келімен екінші орынға жайғасты.