НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Катар кубогы турниріне қатысады. Аталмыш турнирде 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Катар кубогында олимпиадалық салмақ дәрежесінде жүлделер үлестіріледі. Оған қазақстандық құрама мүшелері толық құрамда бара алмайды. Дүбірлі додада еліміздің атынан бақ сынайтын спортшылар қатарында төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин 96 келіде жарыс жолына шығады. Ал 61 келіде Игорь Сон, 81 келіде Нижат Рахимов пен Денис Уланов, 109 келіде Ибрагим Берсанов жарыс көрігін қыздырады. Аталмыш турнирде қыздар арасынан Екатерина Быкова (76 келі) және Раушан Мешітханова (87 келі) бақ сынайды.
Катар кубогы 19-24 желтоқсан аралығында өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.