АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы алдағы кезеңде қатысатын халықаралық турнирлер күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биыл қазақстандық спортшылар Халықаралық ауыр атлетика федерациясы тарапынан ұйымдастырылатын 8 турнирге қатысуды жоспарлап отыр.
Аталған турнирлердің тізімі төмендегідей:
- Жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты (25 наурыз-1 сәуір), Албания;
- Ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты (3-13 мамыр), Оңтүстік Корея;
- IWF Grand Prix турнирі (2-12 маусым), Куба;
- Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты (28 шілде-5 тамыз), Үндістан;
- Ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты (2-17 қыркүйек), Сауд Арабиясы;
- Азия ойындары (30 қыркүйек-7 қазан), Қытай;
- Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (қараша), Мексика;
- IWF Grand Prix турнирі (1-17 желтоқсан), Қатар.
Еске салсақ, ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкерлері тағайындалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.