Ауыр атлетикадан 15 жаңа чемпионның есімі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты мен ел кубогі додасында 15 жаңа чемпионның есімі анықталды. 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Өскеменде ел біріншілігі өткен болатын. Аталған додаға еліміздің барлық аймағынан 136 атлет қатысты, деп хабарлады sportnews.kz.

"Қазақстандағы ең танымал спорт түрлерінің бірі - ауыр атлетика. Ал зілтемір көтеруден мұндай шаралар өткізу ауыр атлетиканы дамытуға зор үлес қоспақ. Одан бөлек, турнирде жас таланттарды танып, қатарға қосуға үлкен мүмкіндік беріледі. Халықаралық аренада жеңіске жетіп, әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында ел байрағын көтеретін спортшылар осындай додаларда өсіп шығады. Бір жылда біз мектеп оқушылары мен жасөспірімдер және ересектер арасында бірнеше турнир өткіземіз. Әрбір чемпионат сайын қатысушылар саны өсіп келе жатқанын атап өткім келеді», - дейді ҚР Ауыр атлетика федерациясының жауапты хатшысы Марат Мусин .

Жарыс нәтижесі бойынша, ерлер арасында Алматы қаласы жалпы есепте көш бастады. Екінші орында ШҚО, үшінші орында Қызылорда облысы. Қыздар арасында Шығыс Қазақстан бірінші, Алматы екінші, Алматы облысы үшіншіорынға тұрақтаған.

Жарыс қорытындысы:

Ерлер:

56 келі

1. Игорь Шварц (Қарағанды облысы) - 217 келі (96 121)

2. Даниел Есмағамбетов (Алматы) - 215 келі (95 120)

3. Максим Горлов (ШҚО) - 202 келі (89 113)

62 келі

1. Михаил Дроздов (Алматы облысы) - 261 келі (120 141)

2. Тимур Хасаров (Алматы облысы) - 260 келі (120 140)

3. Владимир Абрамов (Қарағанды облысы) - 246 келі (116 130)

69 келі

1. Владимир Кудрук (Қарағанды облысы) - 239 келі (107 132)

2. Әскербек Тұржанов (Қызылорда облысы) - 237 келі (108 129)

3. Серікбол Аманжол (Қызылорда облысы) - 230 келі (105 125)

77 келі

1. Кирилл Павлов (Алматы) - 323 келі (148 175)

2. Батыр Асраров (ОҚО) - 315 келі (138 177)

3. Жасұлан Қалиев (Ақмола облысы) - 309 келі (141 168)

85 келі

1. Ермек Өміртай (Алматы облысы) - 346 келі (155 191)

2. Владимир Кузнецов (ШҚО) - 328 келі (148 180)

3. Ербол Мейірманов (Ақмола облысы) - 320 келі (150 170)

94 келі

1. Рүстем Сыбай (Қызылорда облысы) - 365 келі (160 205)

2. Андрей Леонов (Алматы) - 295 келі (130 165)

3. Нұрсұлтан Ибрагимов (Алматы) - 292 келі (127 165)

105 келі

1. Абылай Жұмабек (Алматы) - 320 келі (135 185)

2. Михаил Пахомчик (Алматы) - 320 келі (145 175)

3. Сергей Райляну (Ақмола облысы) - 273 келі (123 150)

105 келі

1. Дмитрий Каплин (ШҚО) - 390 келі (175 215)

2. Ердос Сайлау (Алматы) - 300 келі (135 165)

3. Евгений Колесников (ШҚО) - 295 келі (125 170)

Әйелдер

48 келі

1. Галина Момотова (Қарағанды облысы) - 130 келі (60 70)

2. Александра Лачкова (Алматы облысы) - 122 келі (52 70)

3. Махаббат Серікболқызы (Алматы облысы) - 113 келі (51 62)

53 келі

1. Әсел Амангелді (Алматы) - 175 келі (77 98)

2. Лидия Ануфриева (ШҚО) - 161 келі (73 88)

3. Гүлзат Тайболатова (Алматы облысы) - 151 келі (63 88)

58 келі

1. Айгерім Ауылбек (Алматы облысы) - 182 келі (79 103)

2. Анастасия Табакаева (Алматы облысы) - 142 келі (63 79)

3. Камиля Острикова (ШҚО) - 135 келі (62 73)

63 келі

1. Фаина Сиванбаева (Ақмола облысы) - 200 келі (90 110)

2. Алтынай Дәмен (Алматы облысы) - 186 келі (81 105)

3. Святослава Павлюк (Қостанай облысы) - 163 келі (75 88)

69 келі

1. Кристина Крахалева (Алматы облысы) - 200 келі (90 110)

2. Гүлназ Наурызова (Алматы) - 195 келі (90 105)

3. Валерия Дежнина (Қостанай облысы) - 175 келі (80 95)

75 келі

1. Анна Нұрмұхамбетова (Ақмола облысы) - 220 келі (100 120)

2. Раушан Мешітханова (Алматы) - 182 келі (87 95)

3. Галина Шилова-Горлова (ШҚО) - 170 келі (77 93)

75 келі

1. Айзада Муптілда (Алматы) - 215 келі (95 120)

2. Юлия Жуковская (Ақмола облысы) - 188 келі (83 105)

3. Бота Қалымова (Ақмола облысы) - 183 келі (83 100)