Ауыр атлет үш рет «жұлқа көтеру» және «серпе көтеру» жаттығуларының барлығын таза орындады. Харки жұлқа көтеруден 133 келіні еңсерді. Спортшы серпе көтеруден 175 келіні бағындырды. Бұл көрсеткіш - В тобындағы 10 қатысушының ішіндегі ең үздік нәтиже. Зілтемірші барлығы 308 келіні еңсеріп, әзірге екінші орында тұрақтап тұр. Гога Чхеидзенің көрсеткіші одан үш келіге артық.
Харки ӘЧ медаліне үміткер. Егер А тобында нәтижелер қазақстандық спортшының көрсеткішінен аз болса, ол жүлдегерлер қатарынан көрініп қалуы мүмкін. 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ақтық жарыс 4 қарашада өтеді.
Айта кетейік, Фархад Харки - 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.