Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: Қазақстандықтардың өнер көрсету кестесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбия астанасы Богота қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 12 желтоқсан күні қазақстандық үш спортшы жарыс жолына шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: olympic.kz

Еліміздің ауыр атлетика федерациясынан мәлім еткендей, дүйсенбіде 89 келіге дейінгі салмақта ерлер арасында Асылжан Бектай мен Денис Ұланов ел намысын қорғайды. Ауыр атлеттер В тобында елорда уақытымен 01.00-де сайысқа түседі.

Ал елорда уақытымен 03.30-да А тобында ерлер арасында Еламан Сейітқазы 81 келі салмақта бақ сынайды.

Қазақстандық спортшылардың өнер көрсету кестесі (астана уақыты):

13 желтоқсан, сейсенбі

01.00. Ерлер. 96 келі. В тобы. Әлішер Сейітқазы

03.30 Ерлер. 96 келі. А тобы. Нұрғиса Әділетұлы

14 желтоқсан, сәрсенбі

01.00 Әйелдер. 76 келі. В тобы. Арай Нұрлыбекова

06.00. Ерлер 102 келіге дейін (А тобы) Артем Антропов

14 желтоқсан, сәрсенбі

22.30. Әйелдер, 81 келі. С тобы. Аиша Омарова

22.30. Әйелдер. 87 келі. В тобы. Айым Есжанова

15 желтоқсан, бейсенбі

22.30 Әйелдер. 87келіден жоғары. В тобы. Любовь Ковальчук

Ойындарды Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Айта кетейік, ел құрамасынан 10 желтоқсанда Алексей Чуркин 73 келі салмақта үшінші орын алған болатын.

Жалпы Қазақстан атынан әлем чемпионатына 13 спортшы аттанды. Әзірге олардың арасынан Алексей Чуркиннен өзге Арли Чонтей (55 келі) төртінші орынды місе тұтса, Анатолий Савельев (67 келі) сегізінші орын алды.