АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының қазақстандық қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек. дүбірлі дода Колумбия астанасы - Богота қаласында өткізіледі. Онда қазақстандық ауыр атлеттер ел намысын қорғайды.
Дүбірлі додада еліміздің атынан 13 ауыр атлет бақ сынайды.
Әлем чемпионаты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде елорда уақытымен 3:30-6:00 аралығында көрсетіледі.
Алғашқыда дүбірлі дода Қытай астанасы - Чунцин қаласында өткізу жоспарланған еді.
Биылғы жылдың наурыз айында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) оны Колумбия астанасына ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.
Оған Қытайда коронавирус жағдайына байланысты қатаң талаптар қойылуы басты себеп болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.