Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Алматы облысында «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында әлем чемпионаты алдындағы соңғы дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр. Әлем біріншілігі 7-17 желтоқсан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтеді.
Аталған әлем чемпионатында ел намысын 5 спортшы қорғайды. Олар:
Арли Чонтей (55 келі)
Нұрғиса Әділұлы (96 келі)
Артем Антропов (96 келі)
Карина Күзғанбаева (81 келі)
Айзада Муптильда (87 келі)