АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбия астанасы - Богота қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүбірлі додада еліміздің атынан 13 ауыр атлет бақ сынайды. Олардың қатарында Арли Чонтей (55 келі), Анатолий Савельев (67 келі), Бектай Асылжан, Денис Уланов (89 келі), Еламан Сейітқазы (81 келі), Әлішер Сейітқазы (96 келі), Нұрғиса Әділетұлы (96 келі), Арай Нұрлыбекова (76 келі), Артем Антропов (102 келі), Айша Омарова (81 келі), Айым Есжанова (87 келі) мен Любовь Ковальчук (87 келі) бар.
Еске салсақ, биылғы жылдың қазан айында өткен Азия чемпионатында ел құрамасынан Айхада Мүптілда, Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай чемпион атанды. Ал Арли Чонтей мен Арай Нұрлыбекова күміс, Айша Омарова мен Артем Антропов қола жүлде алды.
Еске салсақ, Айдос Ербосынұлы комадан соң Қазақстанға оралды.
Фото: olympic.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.