НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Грекияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында бүгін екі қазақстандық спортшы сайысқа түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін, 6 мамырда 73 келіде А тобында Денис Полубояринов пен Егор Шерер жарыс жолына шығады.
Еске салсақ, ел құрамасынан Алексей Чуркин (73 келі) күміс жүлдегер атанды. Аталған салмақта тағы бір қазақстандық ауыр атлет Петр Хребтов бесінші орын алды.
Сондай, құрама сапында Екатерина Алякина (55 келі), Айсамал Сансызбаева (87 келі), Клим Басаргин (89 келі) және Сұлтан Мейрам (96 келі) сайысқа түседі.
Әлем чемпионаты 2-10 мамыр аралығында Грекияның Ираклион қаласында өтуде. Онда ел құрамасынан сегіз спортшы бақ сынауда.
Дүбірлі дода 1975 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.