Ауыр атлетика федерациясының ақпаратына қарағанда, 73 кг дейінгі салмақтағы спортшылар арасында жарысқа түскен Алексей Чуркин 323 кг нәтижені (153 кг жұлқа көтеру және 190 кг — серпе көтеру) көрсетті.
Аталған салмақта индонезиялық спортшылар Рахмат Абдулла — 352 (152 200) мен Ризки Джуниансьяху — 347 (155 192) бірінші және екінші орынды бөлісті.
Айта кетсек, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Колумбия астанасы - Богота қаласында өтіп жатыр.Дүбірлі додада еліміздің атынан 13 ауыр атлет бақ сынайды.