АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ауыр атлет Таисия Алексеева Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дүбірлі додада қыздар арасында 64 келіде сынға түскен Т.Алексеева серпе көтеруде 89 келіні бағындырса, жұлқа көтеруде 112 келіні төбесіне көтерді. Қоссайыстың нәтижесінде ол 201 келіні еншісіне жазды.
Қазірге дейін әлем чемпионатында ел құрамасынан Ерасыл Сәулебеков (73 келі) чемпион атанса, Арапбай Нурасыл (67 келі) және Дарья Балабюк (55 келі) қола жүлдегер атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.