Бүгін, 16 сәуір Еуропа чемпионатының соңғы күні, Астана уақытымен сағат 15-15-те 105 келіге дейінгі ерлер арасында кім мықты екені айқындалмақ. 18-30-да 75 келіден жоғары салмақтағы әйелдер күш сынасса, сағат 21-00-де 105 келіден жоғары салмақтағы алыптар құрлық бәсекесін қорытындылайтын болады.
Осы орайда, айта кету керек, сәуір айының соңында Қазақстан ауыр атлеттері де бақ сынайтын болады. 2016 жылғы Азия чемпионаты 25-і мен 30 сәуір аралығында өтеді деп жоспарланған. Бұл мәлімет Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының сайтында жылдық күнтізбеде атап көрсетілген. Бүгінгі таңда ауыр атлетика бойынша әлемнің ең үздіктері Азияда тұрады. Биыл Сары құрлық бәсекесі Ташкент қаласында өтетіні белгіленген.
05:13, 16 Сәуір 2016
Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты сәуірдің соңында өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Норвегияның Ферде қаласында ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатының соңғы күні. Кәрі құрлықтағы бәсеке 10 сәуір күні басталған болатын. Әйелдер 75 келіге дейінгі салмақ бойынша сынға түссе, ерлер арасында 94 келіге дейінгі жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталатын болады.