НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Ерасыл Омаров ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турнирде 55 келіде сынға түскен Ерасыл Омаров үш мүмкіндігін толық пайдаланды. Нәтижесінде 104 келіні бағындырды.
Ал жұлқуда үш мүмкіндіктің біреуін сәтті пайдаланып, 124 келі зілтемірді төбесіне көтерді.
Қоссайыстың қорытындысымен 228 келі салмақты еншісіне жазған ол үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетсек, құрлықтық дода Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатыр. Онда 13-17, 15-20 жас аралығында жүлделер сарапқа салынады.
Сондықтан кейбір спортшылар екеуінде де сынға түседі.
Құрлықтық додаға ұлдардан 13, қыздардан 9 ауыр атлет барды.
Азия чемпионаты 25 шілдеде мәресіне жетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын хоккейден Президент кубогына қатысатын командалар азайғаны хабарланды.
Фото: www.instagram.com/wf_rk
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.