Бұл туралы қала мэрі Иван Федоровский Фейсбуктегі өзінің парақшасында жазды.
«Горячий Ключ өзінің тамаша адамынан және талантты спортшысынан айырылды, Сергей Петросян қайғылы жағдайда қаза тапты. Көптеген жарыстарда жеңімпаз атанған, өз мақсат-мүддесіне жетуге ұмтылған және дарынды ауыр атлет артына жарқын із қалдырды», - делінген хабарламада.
Спортшының мәйіті 24 шілдеде, үш күн іздеуден кейін ғана табылды. 20 шілдеде үйінен шығып, қайта оралмаған соң туыстары полицияға хабарлаған.
Петросян - ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Екі жыл қатарынан - Страсбургте (2007 жыл) және Линьянода (2008) Еуропа чемпионы атанған болатын.