«Жастар» спорт сарайында 4 тамызда басталған жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында - екі (45 және 49 келі), ерлер арасында екі (55 және 61 келі) салмақта жеңімпаздар менжүлдегерлер анықталды.
45 келі салмақта әйелдер арасынан Алматы облысыныңауыр атлеті Юлия Потасова чемпион атанса, екінші орынды жамбылдық АйнұрӘбдіхалықова жеңіп алды. Ал үшінші орынға Ақмола облысының атлеті АйымМұхамеджанова қол жеткізді.
49 келі салмақтың бас жүлдесін де Алматы облысының өкілі Наталья Бедрикиеленсе, екінші орынға Нұр-Сұлтан қаласынан барған ауыр атлет Алтыншаш Оразбекқол жеткізді. Үздік үшінші орыннан Ақмола облысының спортшысы Диана Серебряковакөрінді.
Ерлер арасында 55келі салмақта Алматы облысының спортшысы Игорь Сонға тең келер ешкім болғанжоқ. Ол қос сайыс қорытындысы бойынша 260 келіні көтеріп, аталған салмақтаҚазақстан рекордын жаңартты. «Күміске» Шымкент қаласының намысын қорғап жүргенАрли Чонтей қол жеткізсе, үшінші орынға жетісулық Алексей Дроздов ие болды.
61 келі салмақтыңбас жүлдесін Алматы облысының спортшысы Тимур Хасаров қанжығасына байласа, күмісмедаль Сыр өңірінің атлеті Азамат Төлегенге, «қола» Алматы облысының тағы бір өкіліВиктор Надворныйға бұйырды.
Айта кетейік, жарыстаҚазақстанның 11 облысы мен үш қаласынан (Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан) 150-денастам ауыр атлет бақ сынап жатыр. Олардың арасында белгілі атлеттер Зүлфия Чиншанло,Айзада Мүптилда, Илья Ильин, Нижат Рахимов, Денис Уланов, Арли Чонтей бастағанмықты спортшылар бар.