Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Алматыда дауыс беруде

АЛМАТЫ. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚР Ауыр атлетика федерацияның бас хатшысы Меңдіхан Тәпсірұлының айтуынша, ұлттық құрама мүшелері ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Алматыда дауыс беруде.

«Біздің спортшылар оқу-жаттығу жиыны кезінде оған белсенді түрде қатысамыз деп шешім қабылдаған болатын. Қазір ұлттық құраманың барлық үздіктері Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт колледжіндегі сайлау учаскесінде өз таңдауларын білдіруде. Олардың Алмас Өтешов, Света Подобедова, Майя Манеза, Владимир Сидов, Владимир Кузнецов, Дәурен Шәутиев және тағы басқалар бар», - дейді мемлекеттік жаттықтырушы М. Тәпсір. Оның сөзіне қарағанда, оған сәл сырқаттанып қалуына байланысты Илья Илин ғана қатыса алмауы мүмкін. Ал өзге 20 спортшы түгелдей қатысуда.