Ауыр атлетикадан ҚР Кубогы және чемпионаты басталды

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылордада ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы және чемпионаты басталды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Оған Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 14 команда қатысуда. Барлығы 150 спортшы 16 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Аталмыш жарыс 10-15 сәуірде Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия чемпионатына спортшыларды  іріктеу сыны болып табылады.

Сондай-ақ,  105 келі салмақта жеңімпаз атанған спортшыға Илья Ильиннің кубогы мен сертификаты табысталады.
 

Жарыстың салтанатты ашылуында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, ауыр атлетикадан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсірұлы, ҚР ауыр атлетика федерациясының жауапты хатшысы Асхат Бағланұлы сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, шара барысында ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вилорик Пак ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 

Жарыс 5 наурызда қорытындыланады.

Жарыстың 1-күнгі нәтижесі:

Әйелдер: 48 келі:

1. Юлия  Потасова (Алматы) - 145 (65+80)
2. Гүлнұр  Ыбырай (Алматы) - 126 (57+69)
3. Наталья  Бедрик (Алматы) - 125 (57+68)

53 келі: 
1. Әсел  Амангелді (Алматы) - 175 (78+97)
2. Александра  Лачкова (Алматы) - 163 (76+87)
3. Ақмарал  Үргешбаева (Ақтөбе) - 142 (62+80)

Ерлер: 56 келі: 
1. Алмат  Асанханұлы (Қызылорда) - 203 (88+115)
2. Аян Байзақов (Қостанай) - 202 (87+115)
3. Рахат Бейсембаев (ШҚО) - 187 (81+106)

Соңғы жаңалықтар