НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Грекияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында бүгін екі қазақстандық спортшы сайысқа түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін, 5 мамырда ел намысын 73 келі салмақта А тобында ел құрамасынан Петр Хребтов мен Алексей Чуркин қорғайды.
Құрама сапында Екатерина Алякина (55 келі), Айсамал Сансызбаева (87 келі), Петр Хребтов (73 келі), Алексей Чуркин (73 келі), Денис Полубояринов (81 келі), Егор Шерер (81 келі), Клим Басаргин (89 келі) және Сұлтан Мейрам (96 келі) сайысқа түседі.
Әлем чемпионаты 2-10 мамыр аралығында Грекияның Ираклион қаласында өтеді. Онда ел құрамасынан сегіз спортшы бақ сынайды.
Дүбірлі дода 1975 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.