Ауыр атлеттер Қарағандыдағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Серік Сәпиев атындағы Қарағандыдағы Боксты дамыту орталығында дәстүрлі жаңажылдық мереке өтті. Салтанатты шараға Қарағанды облысындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары және мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты, деп хабарлайды sports.kz  ҚР ААФ-ға сілтеме жасап.

Балалаларды құттықтап, жаңа жылдық базарлық таратуға Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов, Рионың күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл, қола жүлдегері Денис Уланов және жасаөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионы Артем Антропов келді.

Мерекелік шара үш күнге созылып, 4-18 жас аралығындағы мыңнан артық балаға жаңажылдық көңіл-күй сыйламақ.  Қатысушыларды сыйлықтардан басқа әр-түрлі ойындар мен мерекелік түскі ас күтіп тұр.