«Қазір ең үздік P4P-боксшысы кім? Әрине, GGG. Ол бұрынғыша ең үздік былғары қолғап шебері және ол «Канелоны» жеңеді», - деп жазды Маккрори Твиттерде.
Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Қазірдің өзінде барлық билеттер сатылып кеткен. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.