АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Ауыр салмақтағы Қазақстан чемпионы Талғат Досанов кәсіби рингтегі өзінің кезекті жекпе-жегін ақпанның 13-інде Ресейдің Ногинск қаласында өткізбек.
Бұл ақпаратты «Біздің спорт» сайты таратып отыр.
Еліміздің ең ауыр салмақтағы былғары қолғап шеберінің қарсыласы - ресейлік Мурад Халидов. Талғат Досанов пен Мурад Халидов арасындағы 8 раундтық бәсеке рейтингтік жекпе-жек мәртебесіне ие.
Айта кетейік, кәсіпқой рингте 8 мәрте көтерілген ресейлік қазақстандық тағы бір ауыр салмақтағы боксшы Қанат Алтаевпен кездесіп, ұпай санымен басым түскен болатын.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.