Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы титул үшін 45 жастағы америкалықпен айқасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірде бір рет жеңілмеген қазақстандық бірінші ауыр салмақтағы боксшы, «Панда» есімімен белгілі Серік Мұсәділов (9-0, 9 КО) 9 шілде күні Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) рингке оралуға жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

BoxRec.com ақпаратынша, 26 жастағы Мұсәділовтің қарсыласы Американың 45 жастағы боксшысы Руэл Уильямс (8-1, 3 КО). Жекпе-жекте жеңіске жеткен спортшы NABA-ның крузервейттегі чемпионы атағына ие болады. Жекпе-жек сегіз раундтқа есептелген.

Серік Мұсәділов бұған дейін 22 мамырда Флорида штатының Медли қаласында жұдырықтасып, бірінші раундта американдық Кевин Браунды (2-15, 1 КО) нокаутқа жіберді. Бұл оның тоғызыншы рет уақытынан ерте аяқтаған жекпе-жегі болды.